2021,қантар,08 Орыс тілінен емтихан тапсырудан босатылған
Өткен жылы Санкт-Петербург университеті оқушылар мен студенттер үшін шетел тілі ретінде орыс тілінен ll олимпиадасын өткізетінін жариялады.
Негізгі мақсаты - шетел азаматтарының орыс тіліне деген қызығушылығын сақтау, арттыру және дамыту. Олимпиадаға қатысу - тегін.
Қорытынды кезең аясында тапсырмалар Нұр-сұлтан қаласында жазбаша түрде орындалды. Қорытынды кезең төрт субтесттен өтуден тұрды: “жазу", “оқу", “тыңдау", “сөйлеу".
Олимпиадаға 98 ел, 3200 қатысушы қатысты, біздің студент Қашаубай Имран 3 орынға ие болды. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер орнына ие болған қатысушылар жүлделер мен сыйлықтарға, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына түсу кезінде бонустар алуға (орыс тілінен емтихан тапсырудан босатылған) мүмкіндік беретін дипломдарға ие болды. орыс тілінен емтихан тапсырудан босатылған