2021,cәуір,12 Елбасы медалі

«Ел Үміті» бастамасының аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры бірнеше бірегей жобаны іске қосты. Солардың бірі – белсенді және талантты балалар мен жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған «Елбасы медалі» бағдарламасы.
«Елбасы медалі» бағдарламасы 2020 жылы Павлодар облысы бойынша 1000-нан астам адамды қамтып, 222 қатысушы қола деңгейін сәтті аяқтады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар облысының 44 қатысушысы алғашқы марапаттарына ие болды.
Бүгін, 2021 жылғы 8 сәуірде, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының қатысуымен «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапатталушылардың арасында музыкалық колледждің студенттері Белгибаева Айсана, Букаева Адина , Жунусова Камила, Таженова Дана, Ермекбай Дарина және Захаева Маймуна.
Сонымен қатар, қала және аудан орталықтарында бағдарламаның қола деңгейін табысты аяқтаған оқушылар мен студенттерге құрмет көрсетілді.
«Елбасы медалі» – бұл 14 пен 29 жас аралығындағы жас және өршіл қазақстандықтарға арналған жоба. Медаль иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұпайлары тең болған жағдайда білім беру грантын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер құрамына қабылдану басымдық құқығына ие болуда.