2021,cәуір,1-10 Рудольф Керер атындағы I Халықаралық пианистер байқауы

2021 жылдың 01-10 сәуір аралығында Мәскеу қаласында Рудольф Керер атындағы I Халықаралық пианистер байқауы өтті.
Қазіргі қолайсыз жағдайға байланысты конкурс қашықтық форматта өткізілді.
Қазылар алқасының құрамында:
Плотникова И.Н. - Ресейлік пианист, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасының профессоры, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі.
Якунина Е.В. - Д. Шостакович атындағы Курган облыстық музыкалық колледжінің «Фортепиано» пәндік-циклдік комиссиясының оқытушысы.
Риневич В.А. - Ресейлік пианист, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасының профессоры.
«Фортепиано» бөлімінің 2-курс студенті Рерих Нелли ІІІ дәрежелі лауреат атанды, оқытушысы Инна Николаевна Волкова.
Нелли тобында 23 қатысушы бақ сынады, олардың тек 3-еуі ғана конкурс лауреаты атағына ие болды.
Модератор: Құрметті өнерпазға қанат қақтырып, өнерге құрмет көрсеткен біздің меймандарымыз! Алтындай уақыттарыңызды бөліп, Павлодар музыкалық колледжінің шығармашылық кездесуіне қосылып, келгендеріңізге мың алғыс! Мерейіміз үстем, бірлігіміз жараса берсін.