2023,қыркүйек,26 Музыка колледжінің түлегі Олжас Нұрланов Еуропаға гастрольдік сапармен барды

Музыкалық колледждің және Қазақстан Республикасының мақтанышы, баяншылар мен аккордеоншылар арасында «Әлем чемпионы» атағының иегері Олжас Нұрланов Еуропа қалаларында бірқатар концерттер берді, сондай-ақ Кастельфидардода өткен беделді халықаралық баяншылар байқауына қатысып, күміс медаль иегері атанды. Олжас музыкалық колледждің түлегі, қазіргі уақытта ол қазақстандық Баян мектебінің бүкіл тарихындағы жалғыз әлем чемпионы. Славиша Перич «Әлем Кубогы-2023» ұйымдастырушысы Олжасты Босния мен Герцеговинаға шақырды, онда әйгілі баянистің гастрольдік туры басталды. Углевик қаласында Еуропаның халықаралық баянистер қауымдастығының президенті итальяндық Мирко Патарини және өткен жылдардағы Әлем Кубогының жеңімпаздары Жаңа Зеландиядан келген Грейсон Мейсфилд пен ресейлік Кирилл Русинов пен Александр Селивановпен бірге ерекше концерті өтті. Олжас Нұрлановтың жеке концерттерінің бағдарламасына әрдайым отандық композиторлардың, атап айтқанда Құрманғазының «Адай» және Нағым Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы Поэма-аңыз», әлемдік музыканың алтын қорынан: Бах, Скарлатти, Мусоргский, Сен-Санс, Шуман және Баянға ерекше музыка жазған композиторлардың Владислав Золотарев пен Александр Холминовтың шығармалары кіреді. 2024 жылы Швейцария, Германия, Сербия қалаларында концерттер және Қытайда гастрольдік сапарлар жоспарланған.
Фото NF Media