2023,қараша,30 «Жетістіктер портфолиосы» республикалық байқаудың алғашқы жеңімпаздары
«Жетістіктер портфолиосы» атты студенттік парламент мүшелері арасындағы республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың негізгі мақсаты- білім алушыларда өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі табысты жүзеге асыру дағдыларын дамыту және насихаттау мақсатында. Байқау осы оқу жылы басталды және төрт бөлімге бағытталған: «Менің әлемім», «Менің оқуым» «Менің жетістіктерім» және «Жинақ». Музыкалық колледждің студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары Мэлс Айым мен Габдуллина Амина осы байқауға белсенді қатысты. Нәтижесінде музыкалық колледждің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының төрағасы Мэлс Айым 1-орынға ие болды, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясындағы «Book_for_me» клубының белсендісі Габдулина Амина қатысқаны үшін сертификат алды.
«Мен үшін бұл байқауға қатысу маңызды болды, өйткені музыкалық колледждің студенттік Парламентінің қызметі бойынша нәтижелерімен республикалық деңгейде бөліскім келді», - деп халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиаты Мэлс Айым өз әсерлерімен бөлісті