2024,қазан,17 Павлодарлық пианист республикалық конкурстың студенттік стипендиясының иегері атанды
Тұңғыш Президент Қорының студенттік стипендия алуға арналған республикалық конкурс лауреаттарының есімдері белгілі болды. Биылғы жылы М.Х. Колаянның шәкірті музыкалық колледждегі «Фортепиано» бөлімінің 3 курс студенті Ғабдуллина Амина стипендия иегері атанды.
Студенттік Стипендиялар конкурсы — Қордың басты жобаларының бірі. Қазақстан Республикасының дарынды студенттері арасындағы байқау алғаш рет 2010 жылы өткізілді, сол кезден бастап Қазақстанның түкпір-түкпірінен 959 адам стипендиат атағына ие болды. Стипендиялық бағдарламаның мақсаты белсенді дарынды жастарды анықтау және қазақстандық студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық-пайдалы қызметін көтермелеу болып табылады. Олар үшін стипендия – бұл олардың жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар олар дамуды және өзін-өзі жетілдіруді жалғастыру үшін пайдаланатын материалдық қолдау.
Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Өскемен қалалары ұсынған 224-тен астам студенттік өтінім берілді. Байқау шарттары бойынша 40 студент жеңімпаз деп танылды. Жаңа оқу жылы ішінде олар ай сайын қырық мың теңге көлеміндегі стипендиясын алатын болады. Қордың стипендиялары жеке тұлғаға, бір оқу жылына белгіленеді.
Аминаны жеңісімен құттықтаймыз, шығармашылық мансабына одан әрі табыс тілейміз!