2024,қазан,25 Баяншылар «Көзге Иртыш Моңнары» халықаралық конкурс-фестивалінің жеңімпаздары атанды
25 қазан күні Семей қаласында «Көзге Иртыш Моңнары» татар өнерінің XXV халықаралық конкурс-фестивалі өтті. Конкурс-фестиваль жыл сайын өткізіледі. Байқаудың негізгі мақсаты - барлық ұлттар мен әр түрлі жастағы балалар және ересектердің шығармашылық қабілеттерін ашу, рухани өзара байыту, тығыз байланыс орнату, ұрпақтар сабақтастығы, халықтар арасындағы достық және Қазақстан Республикасының көпұлтты мәдениетін одан әрі дамыту. Биыл байқау Қазақстандық көрнекті суретшілердің бірі Муллашев Камил Валиахмедовичтің 80 жылдығына арналды. Конкурс-фестивальге қатысу үшін Қазақстанның, Ресейдің, сондай-ақ ТМД елдері мен шет елдердің солистері мен шығармашылық ұжымдары шақырылды. Фестиваль вокалдық жанр, аспаптық жанр, би жанры, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, ауызекі жанр номинациялары бойынша өтті.
Павлодар қаласына «Көзге Иртыш Моңнары» татар өнерінің XXV халықаралық фестиваль-конкурсының қорытындысы бойынша инструменталистер келесі жүлделі орындарды әкелді: 1 орын Шевчук Анель Андреевна, 2 дәрежелі лауреат С.Н. Тищенконың оқушысы Татарченков Максим. Музыкалық колледжден 16-19 жас санатында үш студент 3 орынға ие болды, Баян бойынша М.С.Ботагузовтың шәкірттері - Мякота Кирилл және Жақсылықов Адильжан, Измайылова Мария - домра аспабы, оқытушысы ҚР Мәдениет үздігі О.В.Петрушкина. Жас баяншылар Әшірбек Қасиет, Қанат Рауан және Качура Ольга конкурстың дипломанттары атанды.