2025,сәуір,28 Музыкалық колледждің дарынды студенттері 46-Республикалық орындаушылар байқауында кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.

Музыкалық колледждің студенттері еліміздің жас таланттарын тоғыстырған музыкалық колледждер арасындағы 46-Республикалық орындаушылар байқауына қатысып, кәсіби біліктіліктерінің жоғарылығын тағы да айқын көрсетті. Аталмыш байқау дарынды жастарға шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, орындаушылық өнері мен сахна мәдениетін паш етуге мол мүмкіндік сыйлады.

Байқау барысында колледж студенттері орындаған туындыларын терең сезіммен, техникалық шеберлікпен жеткізе білді. Қазылар алқасы олардың жоғары көркемдік талғамын, сахнадағы өзін ұстау мәдениетін және кәсіби даярлығын ерекше атап өтті. Ұстаздарының бағыт-бағдарымен дайындалған білім алушылар Республикалық деңгейде колледж абыройын асқақтатып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Әсіресе, «Халық аспаптары», «Ішекті аспаптар», «Фортепиано» және «Эстрадалық вокал» номинацияларында ерекше көзге түскен студенттеріміз жүлделі орындарға ие болып, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды. Байқау жеңімпаздары қатарында: Жанкушукова Дильназ – скрипка, ІІ орын, Достова Сабрина – эстрадалық вокал, ІІІ орын, Ажбеков Қобыланды – гитара, ІІ орын, Сибагатуллин Фаиль – гитара, ІІІ орын, Мэлс Айым – қобыз, 4 курс, ІІ орын, Жансугурова Айжан – қобыз, 3 курс, ІІ орын. Сондай-ақ, Қайыркен Диас (домбыра, 2 курс) «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы арнайы жүлдеге», Айкенова Айзере (қобыз, 3 курс) «Гүлнафис Баязитова атындағы арнайы марапатқа» ие болды.

Ногербек Ернұр, Асылбеков Нұрсултан, баяншылар дуэті – Мякота Кирилл мен Ногербек Ернұр және пианист Габдуллина Амина байқаудың дипломанттары атанды.
Лауреаттарды жарысқа дайындауға елеулі үлес қосқан ұстаздар: Я.О. Касьян, М.Х. Колаян, М.Н. Алимкулов, А.А. Шевчук, Т.М. Байбосынова, А.А. Исмаилова, А.Е. Карменов, В.А.Халимон, Ә.Ғ.Төлеген, А.Б.Канаева, Р.А.Нагишпаева, концертмейстер А.Б. Куминов жне К.Ж.Исина.
Осындай ауқымды байқауларға қатысу жас өнерпаздардың кәсіби өсуіне серпін беріп, шығармашылық шеберлігін жетілдіреді. Музыкалық колледж шәкірттердің биік жетістіктерге жетуіне үлес қосқан ұстаздарға алғыс айтып, студенттерге келешекте де толағай табыс пен шабыт тілек етеді.