2025,қараша,28 Түрегелді Жасұлан - Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының иегері

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Биыл бұл беделді марапатқа Шлегель Владимир Андреевичтің шәкірті, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Үрлемелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің 3 курс студенті Түрегелді Жасұлан ие болды.
Жасұлан тек жеңімпаз атанып қана қоймай, марапаттау рәсімінде музыкалық нөмір орындау құрметіне ие болды.
Бұл – өнерге деген сүйіспеншіліктің, еңбектің және ұстаз бен шәкірт арасындағы үйлесімділіктің нәтижесі.
Жасұлан мен ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!







