2019,қараша,21 Жұлдыз атағына лайық
2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды, осыған сәйкес биылғы жылы музыкалық колледжне көптеген жас, жарқын және болашақтары зор оқытушылар келді. Музыкалық колледж - бұл Павлодар облысының таланттарды биік шыңдарға ұшыратын ұя, ол өзінің ежелгі дәстүрімен, оқытушылық құрамымен және мамандандыруларымен әйгілі, олардың тарихы ХХ ғасырдың басынан басталады. 60 жылдық мерейтойына орай, білім беру мекемесінің оқытушылық құрамы жас буынның арқасында айтарлықтай жасарды. Музыкалық колледж өзінің жас оқытушыларымен, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарымен мақтанады, бұл мұғалімдер - жұлдыз атағына лайық. Соның бірі - біздің түлегіміз Мейірханова Айым, ол өткен жылы Қазақ ұлттық өнер университетін бітіріп, қазіргі уақытта музыкалық колледжде «Қазақ халық аспаптары» бөлімінде оқытушы болып жұмыс істейді. Айым Талғатқызы Атырау қаласында өткен кәсіби жарыстың жеңімпазы атанды, өзінің айқын жеңісімен бізді қуантты. Павлодарға ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Раушан Нұрпейісованың атындағы II республикалық байқаудың ІІІ дәрежелі лауреаты атағын алып келді.