2019,желтоқсан,10 Рождестводан Рождествоға дейін
Жастар жылы, біздің жас оқытушыларымыздың «жеңіс қоржынын» жаңа жетістіктерімен толықтыруда. Барнаул қаласында (Ресей) өткен «Рождестводан Рождествоға дейін» XV халықаралық байқауында музыкалық колледждің «Орыс халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы Мади Сагатович Ботагузов байқаудың Бас жүлдегері атанды. Байқау нәтижелері 9 -желтоқсанда белгілі болды. Бұл байқауға студенттер де, мұғалімдер де қатысты. Мұғалімдер 5 категория бойынша сайысқа түсті. Жас мұғалімдердің кәсіби байқауларға қатысып, өздерін көрсетуі өте маңызды, себебі бұл олардың техникалық шеберліктерін жетілдірудің мол тәжірибесі және студенттеріне, болашақ музыканттарға, деген жарқын үлгісі. Байқаудың «Пернелі аспаптар» номинациясында (баян, аккордеон) 3 санатта бірінші орынды - Абай Мадиар, музыкалық колледждің «Орыс халық аспаптары» бөлімінің 4 курс студенті (мұғалімі М.С. Ботагузов) иеленді. 3-дәрежелі жеңімпаз 3-курс студенті Тасболат Әли (мұғалімі М.Н.Алимкулов). Бұл байқауда «Ішекті аспаптар» номинациясында келесі жетістіктер бар, 4-курс студенті - Бейсаров Олжас (мұғалімі О.В.Петрушкина, концертмейстер И.Г.Батурина) және 2 курс студенті Сергеева Анна (оқытушысы А.А.Александров), құрмет грамотасымен марапатталды. 3 орынға - 2-курс студенті Ермекбай Дарина (оқытушысы О.В. Петрушкина, концертмейстер И.Г.Батурина) лайықты болып саналды.
Елімізге жарқын жеңіспен біздің қобызшыларымыз, А. Б.Канаеваның шәкірттері «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің 3-курс студенті Темірғали Қорлығайн 1-орынды және 1-ші курс студенті Мұхтарова Жанель 2 орынды жеңіп оралды.