2020,желтоқсан,11 35 педагог сыйлық алды
Бүгін, Тәуелсіздік күні қарсаңында 35 педагог «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды. Павлодар облысының әкімдігі бекіткен марапатпен қатар, өңірдің үздік педагогтері 1000 АЕК немесе 2,7 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.
Облыс әкімдігінде өткен салтанатқа 12 мұғалім қатысып, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қолынан медальдар алды.
Олардың арасында біздің мұғалімдер – Я.О.Касьян және А.Ш.Тен.
23 педагог онлайн-трансляцияға қатысып, қала және аудан әкімдіктерінде марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» 50 наградасын тапсыру көзделген, 2020 жылы музыкалық кешеннің үш оқытушысы осы жоғары сыйақыға ие болды