2021,наурыз,25 30 игі іс марафоны
Адамдарға көмек көрсету – бұл мамандық емес. Бұл біздің ортақ өміріміз. Қайырымдылыққа, өзара көмекке, басқа адамға жылулық пен махаббат сыйлау – айналамыздағы әлемді өзгертеді.
«30 игі іс марафоны» аясында «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ Павлодар қаласының № 39 арнайы балабақшасы мен «Самал» оңалту орталығына қайырымдылық көмек көрсетті.
Балаларға арналған ең қажетті тауарлар – памперстер, киімдер, ойыншықтар балалармен жұмыс істейтін мекемелерге берілді.
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8 «Б» сынып оқушылары Қаратаев Айтуар мен Айкенова Айзере менталдық бұзылыстары бар балаларға арнап құттықтау концертін ұйымдастырды.
Жақсылық жасау адамға қуаныш сыйлау.