2021,наурыз,25 Алғашқы концерттің коллобрациясы

Жыл сайын "Қазақ халық аспаптары" бөлімінің оқытушылар құрамы халықаралық және республикалық деңгейдегі музыкалық шыңдарды бірнеше рет бағындырған жас талантты мамандармен толықтырылады. Бөлімдегі ұрпақтар сабақтастығы негізгі бағытқа айналып, оқытушылардың жас буыны іс-шараларды өткізуде батылдығымен ерекшеленіп, көптеген акцияларды, жобаларды жаңа заманауи тәсілдермен ұйымдастыруы күн сайын таң қалдырады. "Наурыз" мейрамына орайластырылған мерекелік концерт те ерекше түрде өткізілді. Музыкалық колледжде алғаш рет "Қазақ халық аспаптары" бөлімінің жас оқытушыларының ұйымдастыруымен концерттің коллобрациясы жасалды. Концерт бір уақытта offline және online режимінде көрсетілді. Көрермендерге қазақ ұлттық аспаптарының таңғажайып дыбыстарынан шын мәнінде ләззат алуға мүмкіндік берді.