2021,мамыр,04 Қазақстан Республикасы Халықының Бірлігі күні
Жыл сайын музыкалық колледжде Қазақстан Республикасы Халықының Бірлігі күні мерекесі ауқымды түрде өтеді. Биылғы жылы іс-шара online форматта өтіп, оқу орнының ресми Instagram аккаунты арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Көрсетілім-байқау шоуының ұйымдастырушылары-МК-МК, төрағасы Қабидолла Еламан. Әрбір бөлім бір бейбіт аспан астында өмір сүретін халықтардың ұлттық киімдерінің сұлулығын, тұрмысы мен мәдениетін көрсетуі тиіс болды. Барлығы ерекшеленуге тырысты, бірақ актерлік шеберлік пен өзіндік ерекшелігі арқылы бейнені және бүкіл көрнекі театрландырылған қойылымды өте айқын және дәл көрсете білген бір жеңімпаз анықталды. Жеңіспен «Ішекті аспаптар» бөлімін құттықтаймыз! Олар мерекелік байқаудың барлық критерийлері мен кезеңдерін жоғары деңгейде орындады, осылайша жеңісті өз бөлімінің жетістіктер қоржынына салды. Сынып жетекшілері А.Т. Мейрхановаға, Р.Ж. Килашқа студенттерді іс-шараға ұйымдастырғаны, қолдағаны және дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз.