2021,мамыр,17 Павлодарлық баяншылар Қазақстандағы ең үздік деп танылды
2021 жыл – Павлодардың баян мектебі үшін тарихи оқиғаға толы жыл. Музыкалық колледж бен Павлодар қаласының жетістіктерінің қоржынына келіп түскен кәсіби конкурстардағы көптеген жарқын жеңістер бүгінгі таңда Қазақстандағы ең үздік деп танылған Павлодарлық баяншыларға даңқ әкелді.
Музыкалық колледждің «Орыс халық аспаптары» бөлімінің студенттері Руслан Галькеев пен Кирилл Перминов осы «үздіктердің үздігі» мәртебесін бекітіп, 10-14 мамыр аралығында Нұр-сұлтан қаласында Қазақ ұлттық өнер университеті базасында қашықтық форматта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының музыкалық колледждері арасындағы жыл сайынғы ең ауқымды орындаушылар байқауының лауреаттары атағын тағы да жеңіп алды. Руслан мен Кирилл профессор Д.Р. Султановтың шәкірттері. Музыкалық колледждер арасындағы 42-ші Республикалық орындаушылар байқауының нәтижесі бойынша Руслан Галькеев І дәрежелі лауреат атанса, Кирилл Перминов екінші орынға ие болды.
Қазылар алқасының мүшелері Қазақстан Республикасының танымал орындаушылары мен қайраткерлері Павлодар қаласының Баян мектебінің прогрессивті дамуын атап өтті.
Павлодарлық баяншылардың орындаушылық шеберлік деңгейі республикамыздың өсіп келе жатқан музыканттарының әлеуеті мен өсуіне жаңа шығармашылық серпін беріп, үлкен үміт ұялатады.
Павлодар облысының баянистерін жеңісімен құттықтаймыз. Талантты жастарымыз-еліміздің ұлттық игілігі. Жоғары деңгейдегі конкурстарға қатысу - жаңа орасан зор жетістіктерге ынталандыру, кәсіби қоғамдастық арасында танымал болу мүмкіндігі.