2021,мамыр,20 Қазақстанда алғаш рет Павлодар музыкалық колледжі еліміздің музыкалық колледждерінің студенттері арасында тәжірибе бойынша республикалық байқау ұйымдастырды
Бұл жобаны құру идеясы музыкалық колледж әкімшілігінде Worldskills халықаралық коммерциялық емес қозғалысын өткізу үлгісі негізінде пайда болды.
«Trainee-2021» - pedagogical skills in music education, бұл музыкалық білім беруде педагогикалық дағдыларды дамытуға бағытталған жоба. Бұл жоба туралы толығырақ музыкалық колледждің muzcomplexpavl.edu.kz веб - сайтынан білуге болады.
Жоба «Талап» КЕАҚ, «Атамекен» ҰКП, Павлодар облысының білім басқармасы тарапынан қолдауға ие болып, республика бойынша әріптестер арасында оң пікірлер жинады. Біздің жоспарымызда оны халықаралық форматтағы беделді конкурсқа айналдыру және музыкалық білім беру мамандарын даярлау саласында үздік тәжірибелермен алмасу алаңын жасау. Осы идеяларды іске асыруда музыкалық колледждің қуатты педагогикалық әлеуеті, еліміздің және шетелдердің музыкалық білім беру мекемелерімен және Павлодар облысы бойынша ҚІӘА-мен ынтымақтастық бойынша орнатылған байланыстар көмектеседі, сол үшін біз өте ризамыз.