2021,мамыр,31 Музыкалық колледж базасында Павлодар облысының БММ және БӨМ педагогтарының облыстық оқу-әдістемелік бірлестігі құрылды
«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп – интернат» кешені» ММ жанында музыкалық пәндер педагогтарының оқу-әдістемелік бірлестігі өз жұмысын бастады. Бірлестіктің негізгі мақсаттары Кешенде және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және үйлестіру; оқу процесінің мазмұнын жаңарту нысандары бойынша жұмыс; оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, оқу – әдістемелік кешендерін әзірлеу және рецензиялау. Оқу-әдістемелік бірлестік колледждің, БММ және БӨМ педагогтары үшін музыкалық білім беру саласында білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістеріне негізделген педагогикалық тәжірибені жалпылау және біліктілікті арттыру алаңы болып табылады.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ОӘБ-нің жұмыс жоспарына сәйкес мамандық бағыттары бойынша 8 семинар, 3 шеберлік – класс, сондай-ақ орыс халық аспаптарында орындаушылардың облыстық конкурсы және 2 өңірлік конкурс өткізілді. Осындай бірлескен іс-шараларда облыстың музыкалық білімінің маңызды мәселелері талқыланып, Кешен педагогтері тарапынан әдістемелік көмек көрсетіледі. Өз қызметінің жартыжылдығында ОӘБ-нің атқарылған жұмысына әріптестер тарапынан оң пікірлер айтылып, облыс мектептері арасында қолдау тауып отыр. Кешен басшылығы ОӘБ – ге Павлодар облысының балалар музыка мектептері мен өнер мектептері педагогтарының облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің ресми мәртебесін беруді жоспарлап отыр.







