2021,маусым,04 Павлодарлық жас скрипкашы Ресейге КСРО Халық әртісі Юрий Башмет академиясының бір апталық шеберлік сыныбына аттанды
Музыкалық кешеннің скрипка сыныбы бойынша танымал педагогы Яна Оганесовна Касьян өзінің оқушысы Дильназ Жанкушуковамен бірге Ресей Федерациясының Самара қаласына КСРО – ның Халық әртісі Юрий Башметтің қолдауымен ТМД және Балтық елдерінің IX музыкалық балалар академиясы шеңберінде ұйымдастырылған білім беру іс - шараларына қатысу үшін аттанды. Академия музыкалық өнер саласындағы көрнекті қайраткерлердің шеберлік сыныптарынан, сабақтарынан, дәрістерінен, қазіргі заманның танымал әртістері мен академия қатысушыларының үздік кәсіби сахналарындағы концерттік қойылымдарынан тұратын дарынды балаларға арналған білім беру іс-шараларының кешенін қамтиды. Дильназ комиссияның қатаң іріктеуінен өтіп, Қазақстанның атынан осы жобаға үш қатысушысының бірі болып табылатынын атап өту қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Яна Оганесовна Касьян Павлодар облысының әкімі тағайындаған «Павлодар облысының білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және ақшалай сыйлықпен марапатталған болатын.