2024,сәуір,1 Біздің колледжде «MODEL 2.1.5. Dem al» атты концерт өтті
2024 жылдың 1 сәуірінде студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатында ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жеке тұлғаның музыкалық мәдениетін қалыптастыруға байланысты, халқымыздың мәдениетіне, оларды рухани құндылыққа баулу және жас музыканттардың білімін, орындаушылық дағдыларын насихаттау және кәсібилігін арттыру мақсатында ҚР Халық әртісі, профессор А. Н. Үлкенбаева мен философия (PhD) докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, "Hassak" этно – фольклорлық тобының жетекшісі Е. Е. Жәменкеева «MODEL 2.1.5. Dem al» концерті өтті.
Концерт бағдарламасына әр түрлі жанрлық интерпретацияларда жанды дауыста орындалатын 20-ға жуық нөмір енгізілген.
Концерт «MODEL 2.1.5. Dem al» жас орындаушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі мен жігерлілігін, музыкалық халық аспаптарының барлық стильдері мен бағыттарын, орындаушылардың шеберлігін, сонымен қатар түрлі композициялардағы түстердің үйлесімін, костюмдерінің ерекшелігін, және қатысушыларының көңіл-күйін толық көріп, тамашалауға мүмкіндік берді.
Музыкалық кешен үшін біздің түлектеріміз Омар Назираның, Бейсен Мерейдің, Қаратай Нұрболдың "MODEL 2.1.5. Dem al» концертінде қатысу үлкен жетістік болып табылады. Қазіргі заманның көрнекті музыканттарымен бір сахнада өнер көрсету жас әртістердің деңгейі мен беделін көтереді, сондай-ақ, мотивацияларын, бәсекелестік қызығушылықтарын арттырады және өз-өзін танып білуге, жаңа деңгейге жетуге, өздерінің қабілеттерін толық көрсетуге жағдай жасайды.
Ашық шеберлік сыныптары мен шығармашылық кездесулер түріндегі концерттің педагогикалық құрамдас бөлігі педагогтар мен студенттерге өздерінің кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін арттыруға, педагогикалық тәжірибе алмасуға және шығармашылық байланыстар орнатуға ықпал етеді. Шығармашылық кездесу барысында ҚР халық әртісі, профессор А. Н. Үлкенбаеваның "Домбыраға арналған шығармалар"- 2 бөлім, шетелдік туындыдан тұратын кітабының тұсаукесері өтті, осы кітаппен А.Н. Үлкенбаева музыка колледжінің кітапхана қорын толықтырды.
Концерттік бағдарламалар көрермендерді тарту арқылы академиялық музыкалық өнерді және халық аспаптарында орындауды насихаттауға ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге біздің заманымыздың көрнекті музыканттарының концерттеріне қатысуға мүмкіндік берді.