2025,қараша,4 А. Жұбанов атындағы байқауда павлодарлық музыканттардың жетістігі

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауына Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 224 қатысушы қатысты. Бұл байқау жас музыканттарды бір арнаға тоғыстырып, олардың жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігін және шығармашылық дамуға деген ұмтылысын айқын көрсетті. Бұл — жыл сайын дәстүрлі түрде Алматы қаласында өтетін іс-шара, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Биылғы жылы байқау «Үрлемелі», «Соқпалы» және «Ішекті» аспаптар бағыты бойынша өтті.
«Ішекті аспаптар» (скрипка) номинациясында 56 үміткер бақ сынаған байқауда, Комплекс құрамындағы музыкалық мектеп-интернаттың оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Данияр Әнел — III дәрежелі лауреат, Абильдинова Аделина — байқау дипломанты атанды. Жеңімпаздарды байқауға дайындаған ұстаздар Я.О.Касьян, А.А.Аветисян, ал концертмейстері М.Х.Колаян.
«Үрлемелі және соқпалы аспаптар» номинациясында 168 орындаушы үздік атағы үшін жарысты. Жасөспірімдер тобында музыкалық мектептің 5 оқушысы дипломант атанды: Шкурат Лия, Ақан Айнара, Новаковская Полина, Каменских Кира және Дюсенов Думан. Сонымен қатар, валторнада ойнаған Зайкин Тимур III орын, ал Шөлеке Аязби (труба) II орын иеленді. Орта топта Жұмашев Рахимжан (кларнет) және Ақан Ақнұр (валторна) дипломант атанды. Клопот Элизабета (флейта) III орын, ал валторнада өнер көрсеткен Омаржанов Заурбек II орынды жеңіп алды. Ең үлкен жетістік – жоғары жас санатында тіркелді: Павлодар облысының қоржынына алтын медаль алып келген I орын иегерлері — Түрегелді Жасұлан мен Құрбан Рахат. Сонымен қатар, Черных Георгий халықаралық байқаудың дипломанты атанды. Лауреаттардың концертмейстерлері: И.С.Дорошенко, А.Б.Куминов, Н.Д. Якшова. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған ұстаздар: В.А.Шлегель, О.В.Шлегель, Э.С.Қайырбаева, А.К.Нұғманов, Д.А.Үсенов, А.Ш.Тен, М.К. Мулкаразов және Б.К. Каиыров.
Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!







