2025,желтоқсан,5 XІ Халықаралық «Астана-Мерей» орындаушылар байқауындағы триумф

Қазақстанның астанасында 2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында орындаушылардың XІ Халықаралық «Астана–Мерей» байқауы өтті. Бұл өнер додасы — орындаушылық шеберлік әлеміндегі маңызды музыкалық оқиғалардың бірі.
Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен және жақын шетелдерден келген жас дарындар мен кәсіби музыканттарды біріктіріп, олардың орындаушылық шеберлігі мен көркемдік мәнерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді.
Байқаудың басты ерекшелігі – жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, киелі сахна шеберлерінен құралған кәсіби қазылар алқасы және қатысушылардың жанрлық әрі жастық әртүрлілігі болды. Байқау бірнеше номинация мен жас ерекшеліктері бойынша өткізілді, бұл әрбір қатысушының қабілетін әділ бағалауға мүмкіндік ашты.
Бұл байқау үздіктерді анықтайтын алаң ғана емес, сонымен қатар музыка мерекесіне, тәжірибе алмасу, шабыттану мен шығармашылық дамуға арналған ортаға айналды. Тыңдалым барысында қатысушылар дайындық деңгейінің жоғарылығын, сахналық мәдениетін, орындаушылық техникасын және музыкалық шығарманы терең түсінетіндігін көрсетті.
Музыкалық кешеннің студенттері мен шәкірттерінің дипломдармен, жүлделі орындармен және конкурстың Гран-приімен оралуы Павлодар облысы үшін ерекше мақтаныш.
Олардың жетістігі оқытушылар мен концертмейстерлердің кәсіби еңбегінің және студенттердің күнделікті қажырлы жұмысының нәтижесі болып табылады XІ Халықаралық «Астана–Мерей» орындаушылар байқауында жалғыз Гран-при берілді — және бұл ең жоғары марапат тек Түрегелді Жасұланға бұйырды.
«Үрлемелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің 3 курс студенті Жасұлан өз өнерімен, керемет техникасымен, музыкалық шеберлігімен және сахнадағы кәсіби дайындығымен қазылар алқасын тәнті етіп, байқаудың бірегей жеңімпазы атанды.
Бұл жеңіс – тек Жасұланның ғана емес, сонымен қатар Павлодар музыкалық колледжінің де зор мәртебесі.
1-дәрежелі лауреат атанғандар – Омаржанов Заурбек, Томских Василий, Шолеке Аязби.
2-орынды иеленгендер – Салимов Азиз, Зайкин Артур, Зайкин Тимур.
3-орынмен қоржынға үлес қосқандар – Құрбан Рахат пен Дюсенов Думан.
Павлодардың келесі жас музыканттары байқаудың дипломанттары атанды: Седых Роман, Ақан Айнара, Егеубай Батима және Жумашев Рахымжан.
Байқау лауреаттарын дайындаған ұстаздар: Шлегель В.А., Шлегель О.В., Каиров Б.К., Усенов Д.А., Каирбаева Э.С., Тен А.Ш., Мулкаразов М.К.
Жеңімпаздардың концертмейстерлері: Куминов А.Б. және Дорошенко И.С.
«Астана–Мерей» – бұл жай ғана байқау емес, бұл – музыка әлеміндегі мойындалуға, шабытқа және болашақ табыстарға бастайтын жол.
XI Халықаралық «Астана–Мерей» орындаушылар байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің жарқын өнер көрсетулеріңіз – таланттың, еңбектің және шабыттың нағыз мерекесіне айналды!
Гран-при иегері Түрегелді Жасұланды және колледжіміз бен Ертіс өңірін жоғары деңгейде таныта білген барлық лауреаттар мен дипломанттарды ерекше құттықтаймыз.
Жеңіске сүбелі үлес қосқан ұстаздар мен концертмейстерлерге алғыс білдіреміз! Жетістіктеріңіз жаңа белестер мен үлкен сахналарға жетелесін!







