2025,желтоқсан,24 Павлодарлық музыканттардың «Soul of Nation» III Халықаралық байқауындағы жарқын жеңісі

Новороссийск қаласында өткен халық аспаптарында орындаушыларға арналған III Халықаралық «Soul of Nation» байқауының нәтижелері белгілі болды. Бұл байқау әлемнің түрлі елдерінен талантты музыканттарды біріктірді. Байқау тыңдалымдарының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының Музыкалық кешенінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанды халықаралық деңгейде лайықты түрде таныта білді. «Баян» номинациясында І дәрежелі лауреаттар атанғандар: Жанабай Арслан және Ниязбек Нұриман. Олардың жарқын әрі кәсіби деңгейдегі өнер көрсетулері орындаушылық шеберліктің және артистизмнің жоғары деңгейін дәлелдеді. «Гитара» номинациясында ІІ орын иегерлері: Үсенова Карина, Кравец Максим және Низевич Артём. Олардың сенімді ойыны, музыкалық сезімталдығы мен көркемдігі – табыстың басты кепілі болды. «Домра» номинациясында ІІІ орын иегерлері: Выгас Анна мен Измаилова Мария. Бұл қатысушылардың өнері байқаудың көркін аша түсті және қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ерекше мақтаныш сезімін тудыратын — «Лад» ансамблі, «Ансамбль» номинациясында жоғары жүлденің иегері атанды. Бұл – ұжымның ауызбіршілігі, жоғары дайындық деңгейі мен сахналық мәдениетінің лайықты бағалануы.
Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар: Петрушкина О.В., Семенова М.В., Жаманбаев А.Е., Тищенко С.Н.
Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – табанды еңбектің, таланттың және музыкаға деген шынайы махаббаттың нәтижесі. Шығармашылық жолда жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!







