2026,қаңтар,13Халықаралық деңгейдегі жоғары нәтиже

2026 жылдың 5–10 қаңтары аралығында Мәскеу қаласында (Ресей) Гнесиндер атындағы Үрлемелі аспаптарда орындаушы жас музыканттардың V Халықаралық байқау-фестивалі өтті — бұл бүкіл әлемнің талантты музыканттарын біріктіретін беделді шығармашылық алаң.>
Байқау-фестиваліне 6-дан 20 жасқа дейінгі орындаушылар қатысты. Қатысушылар екі санат бойынша бақ сынасты: ДМШ/ДШИ және арнаулы орта оқу орындары (ССУЗ), сондай-ақ үш номинация бойынша: Соло, Дуэт, Ансамбль. Байқауға Ресейдің әр өңірінен және жақын шетелдерден, соның ішінде Беларусь пен Қазақстаннан шамамен 160 өтінім қабылданды.>
Ресейден қатысқан қалалардың ішінде — Мәскеу, Санкт-Петербург, Воронеж, Ростов-на-Дону, Қазан, Рязань, Новосібір, Пермь, Саратов, Тула, Орёл, сондай-ақ Донецк, Луганск, Белгород, Курск, Кострома, Киров, Брянск қалалары бар.>
Байқау тыңдауларынан бөлек, фестиваль аясында қазылар алқасының мүшелері мен арнайы шақырылған өнерпаздар — атақты педагогтар мен үрлемелі аспаптарда ойнайтын концерттік орындаушылар өткізген шеберлік сағаттары мен дәрістер ұйымдастырылды. Әр кеш сайын Орган залында дәстүрлі «Гнесинкадағы Рождество фестивалі» аясындағы концерттер өтті.>
Беделді байқаудың қорытындысы бойынша Шлегель В.А. сыныбында білім алатын Түрегелді Жасұлан Павлодар музыкалық колледжінің намысын абыроймен қорғап, III дәрежелі лауреат атанды. Оның өнер көрсетуі жоғары орындаушылық шеберлігімен, музыкалылығы және сахналық көркемдігімен ерекшеленді. Бұл жетістік орындаушының ғана емес, бүкіл Павлодар облысының да үлкен жеңісі.







